1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Атырау облысында үш сармат жауынгерінің сүйегі табылды 08 маусым 2021, 09:44

Атырау облысында сарматтар дәуіріне тән қорымға қазба жұмыстарын жүргізген археологтар үлкен олжаға кенелді, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© "Хабар 24" © "Хабар 24"

Атырау облысында сарматтар дәуіріне тән қорымға қазба жұмыстарын жүргізген археологтар үлкен олжаға кенелді, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Қызылқоға ауданының Мұқыр елді мекеніндегі Қарақұдық қорымынан 3 сармат жауынгерінің сүйегі табылды. Бір қорғанда 3 адамның жерленуі археологияда сирек кездесетін көрінеді.

Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізілетіні хабарланды. Қазба жұмыстары кезінде жебелер, найза, қылыш және тас қайрақ пен қыш құмыра табылған.

"Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған болатын. Қарақұдық қорғандар тобы сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңді халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз", - дейді археолог Амангелді Зайнов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!