28 мамыр 2023 09:40

Атырау тұрғыны 50 жыл бұрын байланысы үзілген досын газеттегі жазба арқылы тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау тұрғыны Александр Толстов жарты ғасыр бұрын байланысы үзілген досы Артур Ажиковты тауып алды. Жолдастар бір-бірін жергілікті "Прикаспийская коммуна" газетіндегі мақаланың арқасында тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау тұрғыны Александр Толстов жарты ғасыр бұрын байланысы үзілген досы Артур Ажиковты тауып алды. Жолдастар бір-бірін жергілікті "Прикаспийская коммуна" газетіндегі мақаланың арқасында тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Достар Гурьев кәсіптік училищесін бітіргеннен бері бір-бірін көрмеген. Осы жылдар бойы Александр Артурды табуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған.

"Бұрын вокзалға жиі баратынмын. Онда такси жүргізушілері де көп, оның ішінде Құлсарыға баратындардан сұрастырып жүрдім, Артур Ажиковты біледі ме, ол Жылыой ауданынан. Оны танитындар болса, оның қазір қайда екенін білгім келді. Бірақ ешқашан жақсы жауап ала алмадым" , - деп еске алады ер адам.

Жеті жыл бұрын Александр әйелінен айырылған. Өзі қазір екінші топтағы мүгедек. Жақында ғана ер адам жергілікті басылымға хабарласып, досын табуға тағы бір талпынуды ұйғарады. Журналистер мақаланы жариялайды, сол күні кешке Артур редакциямен байланысқа шыққан.

Ол Атырау облысында емес, Ақтауда тұратыны белгілі болды. Ол да досын іздеп жүрген, хабар алып қуанады. Достар телефон арқылы сөйлесіп, мамырдың аяғында кездесуге келіседі.

Ажиков Гурьевтегі училищені бітіріп, әскерге аттанған, содан кейін Мәскеуде, Шевченкода, қазір Ақтауда тұрады. Онда ол отбасын құрған - екі қызы мен ұлы бар. Атырауда тамыр жайған Александрдың да екі қызы бар.

"Қартайған шағымызда кейде жалғыздық болады. Иә, балалар бар. Бізге қамқорлық жасайтын адам бар. Бірақ кейде жүрекпен сөйлесіп, жастық шақты еске алуды қалаймыз! Досын, сыныптасын, сүйіктісін іздесем табам ба деген күдігі барларға үміт үзілмесін деп тілейміз. Ештеңеге қарамастан, іздеу керек!" - дейді Артур мен Александр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети