03 қыркүйек 2020 15:02

Атырауда Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырушыға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Әли Оқаповтың құдалығын өткізгендерге 41 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда Әли Оқаповтың құдалығын өткізгендерге 41 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі 19 тамызда Атырау тұрғыны бас санитар дәрігердің отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салатын қаулысының талаптарын бұзғанын айтты.

Ол үйде туыстары мен жақындарын жинап, іс-шара өткізді делінген департамент хабарламасында. Сондықтан оған "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Ведомство бұл шараны ұйымдастырушы Әли Оқапов екенін растады.

"Салтанатты шараны ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК (41 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі

Еске салайық, 20 тамызда Әли Оқаповтың үйленгені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети