26 қараша 2022 09:51

Атырауда аутист балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырауда аутист балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Баланың анасы полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда аутист балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Баланың анасы полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған түзеу орталығында орнатылған бақылау камераларынан түсірілген видеоны баланың анасы Instagram-парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Екатерина Алексеевна (@tolkotvoeschaste2018)

Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети