28 шілде 2021 13:49

Атырауда мемқызметкерлердің "жұмыс орнын тазалау" туралы жазбасы Қазнетте күлкіге айналды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/atyrauoil.news Фото: instagram.com/atyrauoil.news

Атыраулық мемлекеттік қызметкерлер өткізген іс-шара әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ресми парақшасында "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметкерлер жұмыс орнында тазалау жұмыстарын жүргізгені" туралы жазба жарияланды. Жазбаның суреті әлеуметтік желілерде бірден таралып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 жыл бойы тазаланбаған ба еді?", "Келесі тазалау жұмыстары 30 жылдан кейін", "Бұған 1 миллион бөлінді десе", - деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін Атырау әкімдігіне хабарласты.

Атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, ​Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар жоспары жасақталып, соған сәйкес қала аумағында жалпы тазалық жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

"Жоспар бойынша 1 күн мекемелер ғимараттарын, жұмыс орындарын тазалау жұмыстарына арналған болатын. ​Осыған орай, қала әкімдігіне қарасты барлық мекемелер аталған акция аясында өз ғимараттарында, оның ішінде, қызметкерлер отыратын бөлмелерде жалпы тазалық жұмыстарын жүргізді.

​Алайда Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі акцияның деңгейіне мән бермей ұсақ форматта өткізіп, әлеуметтік желіге жариялаған", - деп жауап берді олар.

Жазба белгісіз себептермен біраз уақыт өткеннен кейін жойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети