02 қараша 2020 17:33

Атырауда мұнай өнімдері суға ағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық мұнай өндіруші зауыт құрамында мұнай өнімдері бар суды ағызып жіберген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атыраулық мұнай өндіруші зауыт құрамында мұнай өнімдері бар суды ағызып жіберген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мониторинг барысында "АНПЗ" ЖШС-дегі ағынды суларды ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар ағынды су жіберілгені анықталды", - делінген министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Isker Adam (@iskeradam)

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберді.

Бүгінде "АНПЗ" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Зауыт өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс режимінде ақау болып, ол уақытша биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына өтуіне себеп болды. Бүгінде технологиялық режимді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, аталған жағдайды тергеуге арналған арнайы мамандар тобы құрылды", - дейді ЖШС өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети