1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді 10 қаңтар 2021, 14:56

Атырауда нәрестеге Сайлау есімі берілді. Шынар Төлеушова қызының дүниеге келгендегі қуанышын Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаумен
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Атырауда нәрестеге Сайлау есімі берілді. Шынар Төлеушова қызының дүниеге келгендегі қуанышын Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаумен байланыстыруды ұйғарған. Бұл туралы "Прикаспийская коммуна" жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің отбасымызда балаларға мағыналы ерекше есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық, ол көктемгі "құралай" кезінде дүниеге келген. Бұл екі-үш күн қатты жаңбыр жауып, жел соғатын кез. Бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды сәтпен байланыстырып есім қойғанда тіпті күмән болған жоқ", - деді жас ана.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сайлау күнінің бірінші жартысында Атырау облысында 12 бала - бес ұл мен жеті қыз дүниеге келген.

Еске салайық, 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Сайлаудағы оқиғаларды жедел хабарлап отыратын біздің онлайн-трансляциямыз мына сілтемеде

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram