Атырауда ұлттық киімдер шеруіне мыңнан аса адам қатысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орайластырылған ұлттық киімдер шеруіне 1 мыңға жуық атыраулық қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлекті қыздар мен кимешекті аналар және шапан киген ерлер "Исатай-Махамбет" орталық алаңынан "Сұлтан Бейбарыс" алаңына дейінгі аралықты жүріп өтті. Жол бойы халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орайластырылған ұлттық киімдер шеруіне 1 мыңға жуық атыраулық қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлекті қыздар мен кимешекті аналар және шапан киген ерлер "Исатай-Махамбет" орталық алаңынан "Сұлтан Бейбарыс" алаңына дейінгі аралықты жүріп өтті. Жол бойы халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.

Шерушілердің арасында Атырау облысының алып адамы Парасат Нұрғалиев те бар. Алып тұлғалы азамат мемлекеттік Туды көкке көтеріп қатысушылардың көшін бастады.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов ұлттық киімдерді ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды.

"1 маусым - балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келтіріп, еліміздің мемлекеттік Рәміздер күніне орай ұйымдасырылып отырған Ұлттық киімдер шеруі қала халқына ерекше әсер қалдырады деп сенеміз. Біздің мақсат - ұлттық киімдерімізді дәріптеу. Оның әр түрлерін көрсетіп, кейінгі ұрпақты қызықтыру. Бұл ретте қазақ киімінің өңі өшпесін деген тілек білдіреміз. Қуантарлығы сол, бұл шеруге еңбек ұжымдарынан бөлек, қала халқы өз қалауымен қатысуға ниет танытып, нәтижесінде 1 мыңға жуық адам жиналды",- деді Н.Ермұханов.

Ұлттық нақыштағы киімдер шеруі "Сұлтан Бейбарыс" алаңында балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мерекелік концертке Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи арнайы келіп, балалар күнімен құттықтады. Жылы лебізін білдіре тұріп, қала әкімдігінің жұмыс жоспарларын да атап өтті.

"Өздеріңіз білесіздер Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр өңірде балаларға жағдай жасалу үшін тиіс тапсырмаларды беріп отыр. Атырауда да бұл жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Былтыр 9 жаңа мектептің құрылысы басталды, биыл оған қосымша 5 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл қала маңындағы елді мекендердің балалары үшін қолға алынбақ. Сондай-ақ, 1 қыркүйекке 2 мың орындық үлкен екі мектепті ашуды жоспарға алдық. Бұдан бөлек, жалпы білім беретін мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да жоспарда бар. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатырған жұмыстар. Сонымен қатар, балалар жазғы демалыстарын жақсы өткізуі үшін тұрғын үй аулаларындағы ойын алаңдарын реттеу және спорт, ойын алаңдарын салу жұмыстары да белсенді түрде жүргізіліп жатыр",- деді М.Қалауи.

Өз сөзін қорытындылай келе, қала басшысы осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Атырау қаласының тұрғындарына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Атырау облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer