12 мамыр 2017 20:06

Атыраулық қария Ноғаевқа "крышасы" бар браконьерлер туралы шындықты жайып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа "крышасы" барконьерлердің көп екенін айтып, заңсыздықтан араша сұрады. Бұл туралы бүгін Исатай ауданында өткен "Нұр Отан" партиясы Исатай аудандық кезектен тыс конференциясында белгілі болды.


Атырау облысындағы Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа "крышасы" барконьерлердің көп екенін айтып, заңсыздықтан араша сұрады. Бұл туралы бүгін Исатай ауданында өткен "Нұр Отан" партиясы Исатай аудандық кезектен тыс конференциясында белгілі болды.

"Браконьерге мен де қарсымын. Қазір үш браконьердің екеуінің сенген адамы бар. Ұстайды, крышасы барды қоя береді. Үш мәшине өтеді, екеуін ұстайды, біреуін қоя береді. Енді мұндай әділетсіздікті көріп тұрғанда халық ушығады ғой", - деді ол облыс әкіміне.

"Мен ресми түрде айтамын. Біз бұл жолдан қайтпаймыз. Ешкім балық ауламасын демейді. Аулайық, бірақ жабайылықпен ауламайық. Шамалы мүмкіндік берейік. Балық өссін, біз ретімен ғана шетінен алып отырайық", - деді облыс әкімі.

Нұрлан Ноғаев соғыстан кейін азайып қалған балықтың 60-шы жылдары қалай көбейгенін де есіне алды.

"Соғыс кезінде балықтың бәрін майданға жіберген. Соғыс біткен соң 1945-65 жылдары балық аулауды уақытша тоқтатқан. 65-ші жылдан кейін балық қаптаған. Кейін рұқсат берген. Бүгін сол күн қайта оралып отыр, балық тағы жоқ", - деді ол.

Айта кетелік, балық уылдырық шашатын мезгілде су көлігін жүргізу ережесіне наразы болған бір топ атыраулық сәуірде билік өкілдерімен қақтығысқан еді. Себебі, балық қорғаумен айналысатын инспекция су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған. Кейін наразылық танытқан 37 адамның тұрақты жұмысқа орналасуға келіскені белгілі болды.

Бірнеше күн өткен соң заңсыз ауланған 4 тонна балықтың Ресейге өтіп кеткені анықталып, көп ұзамай жергілікті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтақ инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқали өз еркімен жұмысынан кету туралы арыз жазды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір облыста Жайық, Қиғаш өзендерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да күшейе түспек. Мәселен қазір ауданда 2 мамандық бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүзеге асырылып жатыр, жақын мезгілде колледж ашу мәселесі де көтерілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети