28 сәуір 2020 09:20

Атыраулық қыз коронавирусты қалай жеңіп шыққанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустан жазылып шыққан атыраулық студент Айкөркем Күсесова вирусты қалай жеңгенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Коронавирустан жазылып шыққан атыраулық студент Айкөркем Күсесова вирусты қалай жеңгенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Портал мәліметінше, Айкөркем Күсесова - студент, Канадада білім алады. Коронавирус пандемия деп жарияланғаннан кейін университет онлайн оқуға көшкен. Барлық студентті үйіне жіберген. 

"Мен Канаданың Ванкувер қаласында оқимын. Пандемияға байланысты университет жабылды, біз онлайн оқуға көштік. Университет билет сатып алып берді де мен елге Амстердам арқылы келдім. Атырауға келе сала бізді оқшаулады, себебі рейс жолаушыларының бірінен коронавирус анықталған. Бізді 14 күнге провизорлық стационарға жатқызды. Бастапқыда менде ешқандай белгілер болмады, өзімді жақсы сезіндім. Дене қызуым жоқ болғандықтан жақында үйге қайтамын деп қуанып жүрдім. Бірақ дәрігерлер менде вирус расталғанын айтты. Қатты жыладым, болашағым бұлыңғыр болып көрініп кетті. Егер сондай вирусты жұқтырған болсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Оны ойлаудың өзі мен үшін ауыр болды. Себебі өзіңе шын мәнінде не болатынын түсінбейсің", - дейді Айкөркем Күсесова. 

Алматылық қыз коронавирусты қалай жұқтырғанын айтып берді

Айкөркем 8 сәуірде Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бірінші күн қорқынышты өткен екен. Айкөркем жақындарына қайта-қайта қоңырау шалып, "Не істеуім керек?" деп сұрай берген. 

"Мені ауруханаға түскен соң екі дәрімен емдеді. Ол дүние жүзінде қолданылатын препараттар. Бастапқыа ішім ауырып, тамағым аши бастады. Бірақ дәрігерлер бұл менің жағдайымда қалыпты жайт екенін айтты. Бір палатада үш адам жаттық. Біреуінде құрғақ жөтел, екіншісінің дәм сезу қабілеті нашарлаған. Дәрігерлер күні бойы бізге қамқорлық танытып жүрді. Таңертең дәрі ішеміз, артынша дене қызуымызды тексеріп, сосын дәрігер қарап шығады. Бізге тек дәрілер емес, сонымен қатар, дәрігерлердің қолдау сөздері көмектесті", - дейді Айкөркем. 

Қазір коронавирустан толығымен жазылып шықққан Айкөркем екі апталық үй карантинінде жатыр. Ол күн сайын жергілікті дәрігерлерге денсаулық жағдайы туралы есеп жіберіп отырады екен. Сондай-ақ Айкөркем дәрігерлерге алғысын білдірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети