10 сәуір 2023 12:14

Атыс қаруы қай аймақтарда көп сатылады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау департаментінің бастығы Асылбек Ыдырысов қай облыста көп атыс қаруы тапсырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау департаментінің бастығы Асылбек Ыдырысов қай облыста көп атыс қаруы тапсырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыдырысовтың айтуынша, акция барысында 11 жыл ішінде тұрғындар өз еркімен 56 277 дана атыс қаруы мен екі миллионнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырған.

"Жалпы сомасы шамамен 1,9 милииард теңгеге қару-жарақ заттары сатып алынды. Өткен жылғы акция нәтижесінде азаматтар жалпы сомасы 89 миллион теңгеге 1400-ден астам атыс қаруын, 10 000-нан астам винтовкаға арналған патрондарды өз еркімен тапсырды.

Қаруды төмендегі өңірлердің тұрғындары ең көп тапсырған:

Түркістан облысы – 237 дана;
Жамбыл облысы – 160 дана;
Шығыс Қазақстан облысы – 153 дана;
Қызылорда облысы – 116 дана;
Қарағанды облысы – 107 дана;
Ақмола облысы – 105 дана;
Алматы облысы – 90 дана.

Акция елдегі криминогендік ахуалға оң септігін тигізген", - деді Ыдырысов.

Оның айтуынша, тек соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны азайған: 2016 жылғы 389-дан 2021 жылы 192-ге дейін.

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар, егер олардың әрекеттерінде басқа құқық бұзушылықтар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети