Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшатын 16 рейстің уақыты өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшатын 16 рейстің уақыты өзгерді © Тengrinews.kz

Ауа-райының қолайсыздығына, атап айтқанда қатты қарлы боранға, ұшу қауіпсіздігі үшін әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.


"Қазіргі уақытта 16 рейс ұшуға кешігіп жатыр. Бұл "Эйр Астана" әуе компаниясының 10 рейсі (Шымкент-2 рейс, Атырау, Өскемен, Алматы-2 рейс, Ақтөбе -2 рейсі, Дубай, Новосибирск) және SCAT әуекомпаниясының екі рейсі (Алматы, Ақтау). Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан - Стамбул бағыты бойынша Turkish Airlines әуе компаниясының рейсі, Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты бойынша "Флайдубай" әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша "Люфтганза" әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша "Аэрофлот" әуе компаниясының рейсі", - деп көрсетті ААК баспасөз қызметі.

Бұған қоса ұшып келетін 18 рейс те уақытынан кешігіп жатыр. Бұл "Эйр Астана" әуе компаниясының 11 рейсі (Алматы – 3 рейс, Қызылорда, Шымкент - 2 рейс, Орал, Ақтөбе - 2 рейс, Өскемен, Новосибирск), "SCAT" әуе компаниясының 4 рейсі (Алматы, Ақтау, Атырау, Мәскеу), Qazaq Air әуе компаниясының 2 рейсі (Жезқазған, Өскемен) және Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының рейсі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +31
Ақтау +32
Ақтөбе +27
Атырау +29
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +23
Петропавл +27
С
Семей +27
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +28
О
Орал +23
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер