18 ақпан 2015 19:38

Ауа райы: Аязға байланысты 6 облыста ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарының болжамына сілтеме жасап. Жайсыз ауа райына байланысты 18 ақпаннан 20-сына дейінгі аралықта республиканың алты облысында ескерту жарияланды. 

"18-19 ақпан күндері түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 33 градусқа дейін, Ақтөбе облысының кей жерлерінде 26-31 градусқа дейін, 19-20 ақпан күндері Қарағанды облысында 28-33 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында 19 ақпан күні 23-28 градус, кей жерлерде 35 градус, 20 ақпан күні 28-33 градус, кей жерлерде 38 градус аяз болады", - деп хабарлады синоптиктер. 19 ақпан күні түнде Астанада ауа температурасы 27-29 градусқа дейін төмендейді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ақпан айында аяз болатыны хабарланған еді. Қыстың соңғы айында ауа температурасы Атырау, Маңғыстау облыстарында ғана норма шамасында болады, қалған өңірлерде температура қалыпты мөлшерден 1-2 градусқа төмен болады. Синоптиктер аязды күндердің, әсіресе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети