25 сәуір 2016 11:34

Ауа райы: Елімізде күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© litavherdi.blogspot.com © litavherdi.blogspot.com

Таяу күндері елімізде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 2016 жылдың 26-28 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда жылы ауа райы ұзақ уақытқа созылды. Алдағы үш тәулікте Батыс Сібір аудандарының шығысында орналасқан циклонның әсерінен еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерде жаңбыр, ал түнгі уақыттарда қар жаууы мүмкін екен.

"Түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін суық, 2 градус жылы, ал күндізгі уақытта 9-15 градус жылы болады, бұл осы кезең үшін көпжылдық орташа көрсеткіштерге жақын. Қалған аймақтарда кей жерлерде найзағай түсіп, жаңбыр жауады, ал температура қатты өзгеріске түспейді", - деп хабарлады "Қазгидрометтегілер".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети