Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті 28 қараша 2022, 16:04

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, өңір экономикасын дамытуда және ауыл тұрғындарының
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, өңір экономикасын дамытуда және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда жетекші күшке айналып отыр.

Басты мақсат - аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру. Бұл бағытта бүгінгі күні жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін мыңдаған жамбылдықтар ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттағы саласын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.

Жылдағы дәстүрге сәйкес, саланың үздіктері анықталып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің марапатталуы да осының басты айғағы.

Жалпы биыл агросалада атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, "Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру" аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға - 30,3 млрд. теңге теңге бөлінді. Бүгінгі күні 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді.

Жыл басынан бері салада 526,9 млрд. теңгенің өнімі (оның ішінде егін шаруашылығында - 359,9 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында - 166,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 39,5 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 18,9 млрд. теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 1,7 млрд. теңге инвестиция салынды.

2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 756,2 мың гектарға жетіп, 5,4 мың гектарға артты. Биылғы жылы 371,0 мың гектар масақты дәнді дақылдар егін орағына түсіп, әр гектардан алынған орташа өнім 17,1 центнерді құрады және 633,4 мың тонна астық бастырылып, 166,7 мың тонна өнім артық алынды.

Биылғы жылы аймақта 72,7 мың гектарға көкөніс және бақша дақылдары егіліп, 6,3 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күні бұл алқаптардан 1,5 млн. тоннадан астам көкөніс пен 524 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

Жоғары өнімге қол жеткізудің негізі - ол ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы. Өңірде жыл басынан бері 1 242 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 10,1 процентке жаңартылды. Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 457 өтінімге 1,6 млрд. теңге субсидия төленді. Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

Ағымдағы жылы аймақта 5,5 мың гектарға қант қызылшасы отырғызылды. Дегенмен, жоғары сұрыпты тұқым себудің нәтижесінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, әр гектардан алынған тәтті түбір 500,0 центнерді құрап отыр.

Жыл соңына дейін қант зауыттарына 125 мың тоннаға жуық тәтті түбір өткізу жоспарланып, болжаммен 16 мың тонна отандық қант өндіріледі деп күтілуде.

Облыста ағын суды үнемдеу және өнім көлемін арттыру мақсатында су үнемдеу технологиялары биыл 50,0 мың гектар егіс алқабына енгізілсе, оның 32,7 мың гектарына тамшылатып суару, 17,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді.

Ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында биылғы жылы 11,3 шақырымды құрайтын 10 су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,1 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді.

Одан бөлек, аймақта егіс көлемін арттыру мақсатында ұңғыма қазу арқылы жетіспейтін суды жер асты сулары есебінен қамтамасыз ету үшін 84 ұңғыма қазылып, 3,7 мың гектар алқап сумен қамтылды.

Аймақта ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің 52 пайыздан астамы мал шаруашылығы саласына тиесілі. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде салада өндірілген ет өнімдері – 1,0%-ға, сүт өнімдері – 1,8%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері 1,5 мың тонна ет экспортталды.

Одан бөлек, облыста мал басында да өсім бар. Қазіргі уақытта өңірдегі жалпы мал саны 4,1 млн. басты құрап өткен жылмен салыстырғанда 5,1%- ға артты. Оның ішінде мүйізді ірі қара саны - 1,0%- ға, қой мен ешкі саны - 5,6%- ға және жылқы саны -11,0%- ға артты.

Соңғы 2 жылда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында алыс және жақын шет елдерден 3,0 мыңға жуық мүйізді ірі қара мал сатып алынса, "Сыбаға" бағдарламасы арқылы 26 мың бастан астам қой сатып алынды. Осының нәтижесінде облыстағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлес салмағы 26%-ды құраса, асыл тұқымды қойдың үлес салмағы 30%-ды құрады.

Қазіргі уақытта облыста ет бағытындағы 5 асыл тұқымды мал өсіретін репродуктор, 4 құс фабрикасы, 27 мал бордақылау алаңдары мен 52 орта және ірі сүт фермалары жұмыс істеуде.

Аймақта биылғы жылы жалпы құны 19,2 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны жүзеге асырып, 324 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Бүгінгі күні Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласында 4,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып, 121 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Одан бөлек, Жамбыл облысының даму жоспары аясында 2,2 млрд. теңгені құрайтын 59 кіші инвестициялық жобалар іске қосылып, 209 жаңа жұмыс орны құрылды.

2019 жылы бастау алған "Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту" пилоттық жобасы да өз жемісін беруде.

Биылғы жылы жобаның жалғасы ретінде өткен жылы қайтарылған несиелердің есебінен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан 3 ауылдық округ енгізіліп, 253 жоба іске асырылды.

Одан бөлек, алдағы уақытта облыстағы 26072 тұрғынды қамтитын тағы 10 ауылдық округте пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жалпы Президент құлағдар болып, үкімет қолдаған жоба бүгінде республикалық деңгейде масштабталып, барлық облыстарда жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр.

Осындай жетістіктері сараланып, еңбектері бағаланатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, ауыл еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үстіміздегі жылы үздік деп танылған шаруашылықтарға сый-сияпат табыстады.

Атап айтқанда, егін шаруашылығы саласы бойынша Меркі ауданындағы "Жасыл белес" шаруа қожалығы (I орын), Байзақ ауданындағы "Рахымбек" шаруа қожалығы (II орын), Шу ауданындағы "Іске сәт" шаруа қожалығы (III орын) ие болса, мал шаруашылығы саласы бойынша Т.Рысқұлов ауданындағы "Тұрғын тегі" шаруа қожалығы (I орын), Талас ауданындағы "Ақтөбе" шаруа қожалығы (II орын) және Мойынқұм ауданындағы "Көркем" шаруа қожалығы (III орын) иеленді.

Сонымен бірге, қайта өңдеу саласы бойынша "Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" арнайы номинациясы Жамбыл ауданындағы "Аса DAMU" ЖШС-не, Жуалы ауданындағы "Жуалы-2020" кооперативіне және Тараз қаласындағы "Aksarai Export 2012" ЖШС-не берілді.

Сондай-ақ, Нұржан Сәбитұлы биылғы жылғы жеткен жетістіктерге атсалысып, аянбай тер төккен еңбеккерлерге де алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері", "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төс белгілері мен облыс әкімінің "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жалпы құны 101,2 млн. теңгені құрайтын 169,1 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.

Оның ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық өнімдері, 7,3 тонна сүт өнімдері, 7 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна тұз, 4,0 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 123,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері нарық бағасынан төмен бағада өткерілді.

Жиын соңы облыстық көркемөнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған

Join Telegram