12 қыркүйек 2023 23:28

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері: “БҚО-да киік санын реттеу керек”

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі таңда ауданның шаруалары үшін киік санының шамадан тыс өсуі қолайсыздық туғызуда. Себебі малға қажетті шабындықты киік отап кетеді деген шағымданушылар да көбейіп отыр. Осы мәселелер республикалық деңгейде қанша көтерілсе де, шешімі табылмауда. Енді бұның шешімі – киіктің санын реттеу.


Бүгінгі таңда ауданның шаруалары үшін киік санының шамадан тыс өсуі қолайсыздық туғызуда. Себебі малға қажетті шабындықты киік отап кетеді деген шағымданушылар да көбейіп отыр. Осы мәселелер республикалық деңгейде қанша көтерілсе де, шешімі табылмауда. Енді бұның шешімі – киіктің санын реттеу.

“Мен өзім киіктің санын шектеп, оның есебін жүргізіп отыруды дұрыс деп санаймын. Бұдан бұрын да ауданымызда киік санының шамадан тыс көбеюіне байланысты облысымызда ОХОТПРОМХОЗ ашуға тура келді. Мен өзім 1984 жылы «Бетпақ дала» ОХОТПРОМХОЗ аң аулау шаруашылығы қоғамының Жаңақала ауданы бойынша директоры болып қызметке тағайындалдым. Содан кейін Ақтөбе қаласынан киік ату бригадасы келіп, жұмыстанды. Кейін өзімізден құрылды. Басында киікті атып ұстаған кезде денеге тиген оқтың аумағында қан ұйып, терісі шұрық-тесік болғандықтан сауда нүктелеріне тапсырған кезде еті де, терісі де сапасыз болды. Осыған байланысты Ресейдің Элиста қаласынан аң аулауға арналған тор алдырдық. Яғни, қамап ұстау дағдысына көштік. Мотоцикл айдаушылар 200-300 басқа дейін қуып әкеліп, торға қамап, бауыздап соятын үрдіске көшті. Осыдан кейін етінің де, терісінің де бағасы көтеріңкі болды. Ауыл тұрғындары да етпен қамтамасыз етіліп, төмен бағада берілді. Тағы бір айта кететін жағдай қуған кезде өкпелері ентігіп, жүрегі жарылып ұзақ өмір сүре алмайды деген көзқарастар болды. Осыған байланысты өмір сүру мерзімдерін анықтау мақсатында кейбіреулерін сырғалап шығарып жібереміз. Келесі жылдары қамаған кезде, сырғалаған киіктерді кездестірген сәттеріміз де болды. Сондықтан киікті қамап ұстаған пайдалы және ол санын реттеуге де септігін тигізеді. Аулаудың мақсаты оны түбегейлі қырып салу емес. Ол кезде де әуе санағы жүргізіліп отырды. Осылайша Алматы қаласындағы аң аулау шаруашылық қоғамына барып, киіктің экономикалық жағынан қоғамға келтірер пайдасын дәлелдедім

Қазір Қамыс-Самарға су келтіру мәселесі де көтерілуде. Менің ойымша, ол жөнді айтылған мәселе. Бұл бұрыннан киікке қолайлы жер. Ол жерде сортабандар бар, киіктің терісінің таза болуына сорлы жерлердің пайдасы көп. 1972-73 жылдары Қамыс-Самар көлдері суға толы болды. Киікте сол жерді мекен етті. Ол табиғат құбылыстарына өзі бейімделетін жануар болғандықтан, жанына жайлы жайылысты өзі табады”, - дейді ауыл ардагері, Ғады Ғали Текебаев ағамыз.

Материал БҚО әкімдігімен ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети