20 қараша 2019 17:26

"Ауылшаруашылық несие корпорациясында" WhatsApp-тағы видеоға қатысты тергеу басталды

Видео кадры Видео кадры

"Ауылшаруашылық несие корпорациясында" WhatsApp-та тарап кеткен видеоға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Ауылшаруашылық несие корпорациясында" WhatsApp-та тарап кеткен видеоға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің бірі боқтық сөздер айтып, жанында отырған адамдармен ерсі сөйлесіп отырған. Желіде тарап кеткен хабарламада видео "кейіпкерінің" "Ауылшаруашылық несие корпорациясының" менеджері екені айтылған. 

Корпорациясының маркетинг және PR бөлімі видеоны көргендерін айтқан. 

"Бұл видео біздің де қолымызға мессенджерлер арқылы жетті. Аталған дерек бойынша қызметтік тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті жаза тағайындалады. Оқиға жұмыс уақытынан тыс кезде болған", - дейді ұйымның маркетинг және PR бөлімі өкілдері.

Корпорациядағылар видео кейіпкері өздерінің қызметкері екеніне сенімсіз. 

"Бұл туралы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады", - дейді маркетинг бөліміндегілер. 

Айта кетейік, "Ауылшаруашылық несие корпорациясы" 2001 жылы құрылған. Бұл - агроөнеркәсіптік кешені саласын дамытумен айналысатын ірі қаржылық ұйым. Мекеме ауылшаруашылық өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша несиелеу бағдарламаларын іске асырумен айналысады. Корпорация "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіреді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети