19 қаңтар 2018 15:39

Автожууда тұрған көлік иесін жауапқа тартқысы келген полицейдің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде автожууда тұрған көліктің иесін жауапқа тартқысы келген полицей туралы видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде автожууда тұрған көліктің иесін жауапқа тартқысы келген полицей туралы видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі "Аш қазақ" тобында "Фурашкасы жоқ полицей" деген атаумен жарияланды. Видеода автокөлік жуу орталығында қызметтік көлігін жуып тұрып, өзге көліктің иесін көлегейлейтін қағазы бар деген себеппен әкімшілік жауапқа тартуға оқталған полицейді көруге болады. Қызметтік куәлігінде Қасымбек Бауыржан ретінде көрсетілген полиция қызметкерінің қызметтік бас киімі жоқ екенін көруге болады. 

Роликтен полицейдің жанында тұрған әскери киімдегі ер адамның жүргізушіге қарай оқталып, ерегескенін де көруге болады. 

Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz редакциясы ОҚО Ішкі істер департаменті өкілдерінің пікірін білді. Сөйтсек, қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген қызметкерлердің заңсыз іс-әрекетіне ОҚО ІІД ЖПҚ қызметтік тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр екен.

"Қызметтік тексеру жұмыстары аяқталған соң жауапты қызметкерлер ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" және 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз", - делінген ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің редакция сауалхатына берген жауабында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети