Автомобилін сатпақ болған қарағандылық қыз өлі күйінде табылды

19 Шілде 2015, 21:53
0
Автомобилін сатпақ болған қарағандылық қыз өлі күйінде табылды - © Әлеуметтік желі
© Әлеуметтік желі

Қарағандыда 18 шілде күні туыстары Интернет арқылы іздестірген қыз өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ирина Шевченконың ағасы қыздың өлі күйінде табылғанын растады. Туыстары оқиғаның мән-жайын айтуға дайын емес, ал полиция әзірше пікір айтпады. ІІД өкілдері 20 шілдеде, яғни дүйсенбі күні ресми ақпарат беретіндерін мәлімдеді.

Facebook желісінде Ирина Шевченконың жақындарының бірі қыздың денесінің Спасск тас жолынан табылғанын хабарлады. "Бес минут бұрын маған Иринаның денесінің табылғанын айтып қоңырау шалды... Ол жадымызда үнемі күліп жүретін қыз болып қалады... Оны іздеуге көмектескендердің бәріне рахмет айтқым келеді", - деп жазды Юлия Борзаковская.

Еске сала кетейік, осыған дейін қыздың 16 шілдеде үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмағаны хабарланған болатын. Оның жақындарының айтуынша, қыз белгісіз ер адамға автомобилін сатпақ болып, көлікті көрсетуге кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай