26 сәуір 2021 17:44

"Аяғын жаралады": Алматы маңында атыс шығарған адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы маңында тағы бір ер адам атыс шығарды. Ол бір адамның аяғын жаралады. Жәбірленушінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңында тағы бір ер адам атыс шығарды. Ол бір адамның аяғын жаралады. Жәбірленушінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 24 сәуірге қараған түні Алматыдан шамамен 20 шақырым жерде орналасқан Шалқар ауылында болған. Онда түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Ролик сипаттамасында белгісіз біреу мылтығынан ер адамға оқ атқаны жазылған. 

"Бір адам зардап шекті, қазір оның жағдайы ауыр, аяғын ампутациялауға тура келді. Бейресми мәліметтерге сәйкес, полиция күдіктіні әлі іздестіріп жатыр. Зардап шеккен ер адамның отбасы ол жауаптан қашып құтылуы мүмкін деп қорқады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Полиция мәліметінше, Шалқар ауылының 62 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

"Тексеру барысында Қаскелеңнің 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл факт "адам өлтіру оқталу" ретінде тіркелді. Істің себептері мен мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның сол аяғын оқ тесіп өткенін айтты. Ол шамамен сағат 23.00-де Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

"Науқас реанимация бөліміне түсті. Оның сол жақ аяғы ауыр жарақат алды. Сол жақ жіліншігіне оқ тиген. Аяғында екі сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігі сынған. Жалпы жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети