01 маусым 2021 13:48

"Аяғын жаралады": Алматы маңында атыс шығарған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматы облысының Шалқар ауылында атыс шығарған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Алматы облысының Шалқар ауылында атыс шығарған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 25 сәуірде түнде Қарасай ауданы Шалқар ауылындағы үйлердің бірінде мылтық атылды. Полиция мәліметінше, ауылдың 62 жастағы тұрғыны зардап шекті.

Кейін ауыр жарақат алған зейнеткердің аяғы ампутацияланғаны белгілі болды. Ал оқ атқан адам сол кезде қашып кеткен. Аталған дерек "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тергеліп жатыр.

"Қаскелең қаласының 29 жастағы тұрғыны 31 мамырда кешке Тұрар ауылында ұсталды. Қамауға алынған ер адам әрекетін мас күйде жасағанын айтты. Мылтықты су қоймаларының біріне лақтырған, ал өзі әр жерде жасырынып жүрген. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети