Аязға байланысты Астанада және Шығыс Қазақстанда сабақтар тоқтатылды

25 Қараша 2014, 11:31
0
Аязға байланысты Астанада және Шығыс Қазақстанда сабақтар тоқтатылды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Астанада және Шығыс Қазақстан облысында мектептерде аязға байланысты сабақтар тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, 25 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде 13-18 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 23-28 градусқа дейін аяз болады. Күндіз 10 градус аяз, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады. Төменгі температураға байланысты Шемонаиха, Риддер, Семей, Курчатов қалаларында және Жарма, Абай аудандарында 1-4-сынып оқушылары үшін сабақтар кейінге қалдырылды. Көкпекті ауданында 1-11-сынып оқушылары үшін, Бесқарағай ауданында 1-9-сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.

Астана әкімдігінің мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты 25 қараша күні алғашқы ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларының сабақтары кейінге қалдырылды. 

Мұның алдында "Қазгидромет" РМК Қазақстанда 25-27 қараша күндері аяз болатынын ескерткен еді. Мамандардың мәліметінше, Каспий теңізі үстінде қалыптасқан циклон еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Соның әсерінен оңтүстікте алдымен жаңбыр жауады, кейін солтүстік аудандардан ауған суық ауа массаларының әсерінен жаңбырдың арты қарға ұласады, түнде ауа температурасы күрт төмендейді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай