Аязға байланысты солтүстікте көлік жолдары жабылды

24 Қаңтар 2015, 20:15
0
Аязға байланысты солтүстікте көлік жолдары жабылды - ©vesti.kz
©vesti.kz

Еліміздің солтүстігінде аязға байланысты автокөлік жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік жолдарындағы шектеулер Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіліп отыр. "Температураның төмендеуіне байланысты 24 қаңтар күні сағат 19.00-ден бастап, автокөлік жолдарының Қостанай қаласы - Сарыкөл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы учаскелерінде дизельмен жүретін және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге ауа температурасының төмендеуіне байланысты 24 қаңтар күні сағат 22.00-ден бастап, Солтүстік Қазақстан облысында дизельмен жүретін және жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер үшін барлық бағыт бойынша қозғалыс шектелді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің солтүстік өңірлерінде 43 градусқа дейін аяз болатыны хабарланған еді. Мамандар ауа райының қолайсыздығынан сақ болуды ескертеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай