16 қазан 2021 09:54

Әйелдер мен ерлерге арналған купенің айырмасы неде? ҚТЖ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: rail-news.kz Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов тек әйелдерге арналған вагонға қатысты әзірленген жобаның ерекшеліктерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вот это новость" подкастына сілтеме жасап. 

10 қазаннан бастап Алматы - Маңғыстау, Алматы - Өскемен бағыттары бойынша қатынайтын пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купе вагон ашылды.

"Бұл ең алдымен, әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. Бұл ретте 7 жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілетінін атап өту қажет", - деді Ерлан Жимайлов.

Ол сондай-ақ, мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін айтты.  

"Әйелдер вагондарының басқалардан еш айырмасы жоқ. Баға бірдей. Стандарт купе", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети