03 мамыр 2022 14:32

Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Әділова. Фото: Берік Уәли/facebook.com Айгүл Әділова. Фото: Берік Уәли/facebook.com

Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 24" телеарнасының директоры болып белгілі тележурналист, тәжірибелі, білікті маман Айгүл Әділова тағайындалды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Берік Уәли Әділованың осыған дейін "Еуразия" бірінші арнасында тілші, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі болғанын, "Хабар" агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асқанын, тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік еткенін, БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети