07 қаңтар 2018 10:51

Айжан Байзақова қамауда болғаны, даулы видео мен екіжүзділер жөнінде. The Эфир

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша, шоу-бизнес және табысты болудың құпиялары туралы жеңіл әрі қызықты бағдарлама - The Эфир.


Ақша, шоу-бизнес және табысты болудың құпиялары туралы жеңіл әрі қызықты бағдарлама - The Эфир.

The Эфир жобасының жаңа қонағы - атышулы Instagram-жұлдыз, блогер, актриса, бұрын спортшы болған - Айжан Байзақова.

Өз сұхбатында ол балалық шағы мен бойжеткен кезі жайында айтты. Айжан әрдайым мазасыз бала болыпты, ұстаздарымен де тіл табыса бермеген, ұл балалармен дос болғанды ұнатқан. Айжан өзімен қарым-қатынас жасаудың қиын екенін мойындады, ал ер адамдарға қатысты болса, сырт келбетті ғана бағаламайды.

Байзақованың айтуынша, оның Instagram желісінен тыс өмірі мүлде өзгеше, алайда бірнәрсеге ұрынып, әрдайым елдің назарында болуды қалайды. "Мен әрқашан осындай адаммын, маған істеме десе - мен барамын да, әдейі істеймін. Ал егер адам ашуланса, содан қуат аламын (...) Бірақ, жалпы айтатын болсақ, бұл әрине, жетістік, бірақ, біз қалағандай жақсы жетістік емес шығар. Мен былай атақты болуды армандаған жоқпын", - деді Айжан.

Айжан сонымен қатар, Zakova клубында болған шулы оқиға туралы айтты, қамауға алынғаны және бақытсыз махаббаты жайында және сол үшін "еркектерден кек алып жүргенін" баяндады. "Камерада өткен үш күнім үшін рақмет. Бұрын бетін ашпаған тоғыз кітапты оқып шықтым. Бәрі дұрыс болды, ешкім ұрып, соққыға жыққан жоқ. Барлығы мен шыққан соң дұрыс өмір салтын ұстанады, басылады деп ойлады, бірақ олай істесем мен, мен болмас едім", - деді Байзақова. 

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына философия ғылымдарының докторанты, психолог, кәсіпкер, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети