15 қыркүйек 2020 10:21

Аймағамбетов ҰБТ-2020 қорытындысын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-2020 қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-2020 қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше болды. Бастысы, ашықтық пен әділдікті барынша қамтамасыз етуге тырыстық. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсы аяқталды, енді қорытынды жасауға болады. Өткен жылы академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін ережелерді қатаңдату туралы шешім қабылдадық. Осылайша, қолданып үлгерсе де, үлгермесе де тыйым салынған заттармен тестілеуге кірген талапкерлердің нәтижелерін жою туралы жаңа нормалар пайда болды. Тіпті, бұл заттарды алып кіруге әрекет еткендер емтиханға жіберілмейтін болды. (...)", - деп жазды министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, емтихан қорытындысын жою фактісі 100 есеге көбейді: 2019 жылы 128 телефон алып кіру фактісі орын алып, 24 талапкердің ғана ҰБТ нәтижелері жойылса, ал 2020 жылы тыйым салынған заттар табылған барлық 2500 адамға қатаң шара қолданылды.

Сондай-ақ, министр ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендегенін айтады.

"Иә, ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, пайыздық мөлшерде шекті балл жинаған талапкерлердің саны едәуір азайды. Бұл – тестілеудің әділ өтуі үшін жасалған қадам. Биыл ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін 20-дан астам КОМИССИЯ мүшелері мен басшылары жазаланды.

Күн сайын ҰБТ пунктеріндегі комиссиялардың құрамына өзгертулер енгізуге, міндетіне немқұрайлы қараған әріптестерімізді ауыстыруға немесе бұл жұмыстан шеттетуге тура келді.
Бұған қоса, бірнеше пункте жаппай бұзушылықтардың ашық және өрескел түрде орын алуына байланысты тестілеуді мүлдем тоқтатуға және басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болдық", - дейді ол.

Министр келесі жылы мұндай жағдай қайталанбайтынына сенім білдіреді.

"Биылғы нәтижелер зор сенім ұялатады, келесі жылы бұл жағдай мүлдем басқаша болатынына сенімдімін. Әріптестерімізбен тестілеуді өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз", - дейді Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, білім министрі сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын айтады.

"Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалды сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады.

Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек", - деді білім және ғылым министрі.

"ҰБТ-ны мектептегі қорытынды емтиханға және жоғары оқу орнына түсу емтиханына бөлгеннен кейін қажетті құзыреттіліктерді бағалау тәсілдерін өзгерту бойынша да мүмкіндік туды. Себебі ҰБТ мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау. Сауатты, әрі түсінікті сұрақтар. Бұл – алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс.

Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтердің талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети