13 маусым 2021 14:41

Аймағамбетовтің ұстаздарға жазған хаты жарияланды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында қазақстандық ұстаздарға хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында қазақстандық ұстаздарға хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты әріптесім! Міне, баршамыз үшін қиын әрі ерекше болған оқу жылы да өз мәресіне жетті. Бұл оқу жылы аянбай қызмет еткен әр мұғалімнің ерен еңбегімен және ерлігімен есімізде қалары сөзсіз. Мектептерге мүлдем жаңа оқыту әдістеріне көшу оңайға соқпағанын бәрі бірдей түсіне бермейді. Өкінішке орай, біз дәстүрлі оқыту форматына толықтай көше алмадық. Пандемияның салдары білім беру жүйесіне әлі де әсер ететіні анық. Дегенмен, Сіз барлық қиындық пен сын-тегеуріндерге қарамастан, сабақтарыңызды ұтымды ұйымдастырып, мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсете алдыңыз", - деп жазды министр.

Министр ұстаз мамандығының сезімталдық, балаларға деген қамқорлық және адамгершілік сынды ең жақсы қасиеттерді танытудың жарқын үлгісі екенін айта кетті.

"Алайда, жұмсалған күш-жігерге қарамастан, қашықтан оқыту кезінде әртүрлі себептерге байланысты артта қалған балалардың білімдері мен басқа оқушылардың білім деңгейін салыстырғанда алшақтық байқалады. Бұл жағдайдың орын алғанына балалар кінәлі ме? Әрине, балалардың еш кінәсі жоқ. Олар дәстүрлі форматта білім алса, Сіздің қолдауыңызды сезініп, өздерін көрсете алар еді деп сенемін. Оларға бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін мүмкіндік беруіміз керек пе? Әлбетте. Мен, сіздің әріптесіңіз ретінде, мамандығымызға тән қасиет - ізгілікке ұмтылып, шәкірттеріңізге көмек қолын созуыңызды сұраймын", - дейді Аймағамбетов ұстаздарға.

Аймағамбетов жігерлі әрі алғыр мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің оңайырақ, дегенмен, пандемияға байланысты оқу бағдарламасынан қалып қойған оқушылармен жұмыс жасаудың оңай емесін жазды.

"Оқушылардың білімі бойынша артта қалуы олардың мүмкіндіктері сондай деген сөз емес. Білім берудегі олқылықтарды қиын жағдай мен оқушыларды жігерлендіру деңгейінің жеткіліксіздігімен сипаттауға болады. Мұндай балалар қазір барлық назарымызды қажет етеді. Олардың әлеуеті зор. Сондықтан балаларымызға қолдау көрсетуіміз керек", - деді министр.

Сонымен қатар, министр қазір балалардың оларға барынша түсінікпен қарауды аса қажет ететінін айта кетті.

"Оларға махаббат пен қамқорлық қажет. Біз бүлдіршіндеріміздің мектепке барып, білім алғандарын қалаймыз. Сонымен қатар балаларымызды басқалармен салыстырғанымызды тоқтату керек. Пандемия жағдайы мұғалімнің басты қызметі тек ақпарат беру емес, сондай-ақ оның басқа да міндеттерін айқындап берді. Атап айтсақ, балаларға қолдау көрсету, жанашырлық таныту, оларды ынталандыру, көмек қолын созып, тәлімгер болу. Бүгіннің балалары мүлдем өзгеше, олар өздерін еркін ұстайды. Ендігі кезекте олардың бойларындағы жақсы қасиеттерді сақтап, одан әрі дамыту - біздің басты міндетіміз", - деді Аймағамбетов.

Министр хаттың соңында вакцинация науқанында белсенді азаматтық ұстанымды танытып, вакцинация туралы ғылыми деректерді тарату барысында көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, аталған тақырып аясындағы жалған ақпаратпен күресуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети