02 қыркүйек 2015 11:48

Айымбетовтың ғарышқа сапары Қазақстан үшін атаулы оқиға - Мұсабаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кargaly.ucoz.kz © Кargaly.ucoz.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетовтың ғарышқа аттануы Қазақстан үшін атаулы оқиға екенін айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетовтың ғарышқа аттануы Қазақстан үшін атаулы оқиға екенін айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

"Бүгін еліміз үшін атаулы күн! Бүгін еліміздің үшінші өкілі ғарышқа аттанды. Біз осы тамаша оқиғаның куәсі болдық. 526 секундта тамаша бөліну болды. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағы үшін де ерекше күн. "Гагарин стартынан" 500-ші зымыран ғарышқа аттанды. Өздеріңіз білетіндей, мен бұл жерден үш рет ұштым. Мен мұнымен мақтанамын, "Қазғарыштың" өз өкіліне осы сапарды ұйымдастырып бергені үшін қуаныштымын. Экипажға сәттілік тілеймін", - деді Мұсабаев.

Ол "Росғарыш" агенттігіне Айдын Айымбетовты қысқа уақыт ішінде дайындап шыққаны үшін алғыс айтты. 

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар.

Айдын Айымбетов. "Роскосмос" трансляциясы.

Ұшар алдында ғарышкерлер жақындарымен қоштасты. Ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді. Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен "Земляне" тобының әнімен Байқоңыр қаласындағы "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлер ғарыш кемесіне отыруға аттанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети