Айыппұлдарды көбейту керек - министр мигранттарды заңсыз жұмысқа алу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұлдарды көбейту керек - министр мигранттарды заңсыз жұмысқа алу туралы Фото: depositphotos.com/ CeriBreeze

Қазақстанда мигранттарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін айыппұлдарды арттыру қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда мигранттарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін айыппұлдарды арттыру қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Егер жеке тұлға шетелдік жұмыс күшін тартатын болса, оның мөлшерлемесі 7 АЕК (2026 жылы 30 275 теңге). Мигрант ақысын төлеп, елімізге келеді, бірақ іс жүзінде заңды тұлғада жұмыс істейді, бұл – заңбұзушылық. Енді мұндай ауытқулар болмауы үшін екі квотаны бір квотаға біріктіріп, бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілейміз. Ондайда мигрантқа (бұлай істеудің – ред. еск.) мәні болмайды, ол бірыңғай салық алымын төлеп, жеке тұлғада да, заңды тұлғада да жұмыс істей бере алады. Бұл – әділ схема", - деді Асқарбек Ертаев.

Еңбек министрлігі тиісті түзетулер әзірлеп, ІІМ мен өзге де мемлекеттік органдарға қарауға жолдаған. Министрдің айтуынша, бірыңғай квота биылдың өзінде енгізілуі мүмкін.

"Заңсыз көші-қонға келетін болсақ, бұл негізінен Ішкі істер министрлігінің құзыретінде. Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз және келісеміз: елімізде болу ережелерін бұзса, айыппұлдарды арттыру керек. Өйткені бізде "Заң мен Тәртіп" қағидаты бар, әрбір шетелдік азамат Қазақстан заңнамасының ережелерін сақтауға тиіс", - деп толықтырды Ертаев.

Айта кетейік, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын заңнаманы бұза отырып тартқаны үшін (ӘҚБтК-нің 519-бабы) келесідей айыппұлдар қарастырылған:

  • жеке тұлғалар үшін: ең төменгісі – 30 АЕК немесе 129 750 теңге, ең жоғарысы – 50 АЕК немесе 216 250 теңге;
  • лауазымды тұлғалар үшін: ең төменгісі – 50 АЕК немесе 216 250 теңге, ең жоғарысы – 100 АЕК немесе 432 500 теңге;
  • орта бизнес үшін: ең төменгісі – 200 АЕК немесе 865 000 теңге, ең жоғарысы – 300 АЕК немесе 1,2 миллион теңге;
  • ірі бизнес үшін: ең төменгісі – 700 АЕК немесе 3 миллион теңгеден астам, ең жоғарысы – 1000 АЕК немесе 4,3 миллион теңге.
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +25
Ақтау +22
Ақтөбе +23
Атырау +27
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +32
П
Павлодар +24
Петропавл +30
С
Семей +23
Т
Талдықорған +25
Тараз +29
Түркістан +22
О
Орал +24
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер