Айыпталушы Белғожаев Шерзатты емес ағасын ұрмақ болғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Шерзат Болат (Полат) өліміне қатысты іс бойынша тағы бір айыпталушы — Шыңғыс Белғожаевтан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол төбелеске тікелей қатысқан және Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабымен айыпталып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шерзат Болат (Полат) өліміне қатысты іс бойынша тағы бір айыпталушы — Шыңғыс Белғожаевтан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол төбелеске тікелей қатысқан және Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабымен айыпталып отыр.

Айыпталушы оқиға болған кештің жай-жапсарын баяндап берді. Оның айтуынша, достарымен бірге дәмханада отырған кезінде Дархан есімді танысының соққыға жығылғанын естіп, достарымен бірге "Қамажай" дүкеніне барған.

"Барсақ, онда он шақты адам тұр екен. Дарханның беті қан болып тұрғанын көрдім. Не болғанын сұрадым – ол біреу ұрғанын айтты. Сол сәтте дүкеннен Қаржаубай жүгіріп шықты да, бізге қарай ұмтылды. Мен оны қайтадан ішке кіргізіп, сабырға шақырдым, бірақ ол тыңдамады", – деді Белғожаев.

Оның айтуынша, сол сәтте атыс басталып, ер адамның оларға қарай екі рет оқ атқанын көрген

"Бірінші оқты естідім, сосын екінші рет атты. Ол артқа шегіне бастады. Жігіттер оған қарай жүріп кетті. Мен де жүгіріп барып, ұра бастадым. Нұрқанатты ұрамын деп ойладым, кейін видеодан қарасам, мен Шерзатты ұрып, тепкен екенмін. Айқай-шу болды, содан кейін бәріміз көлікке отырып, кетіп қалдық", – деді айыпталушы.

Адвокат оның көлігінде мылтық қалай пайда болғанын сұрағанда, Белғожаев нақты жауап бере алмады: "Көлікте жатқан мылтықты көріп, оны алысыраққа лақтырып жібердім", – деп жауап берді.

Сөз соңында ол айыптау актісіндегі Қаржаубайға бірінші болып пышақпен шабуылдады деген тармақпен келіспейтінін айтты. Ал қалған айыптар бойынша кінәсін мойындаудан бас тартпады.

Еске салайық, бұған дейін бұл іс бойынша Нұркияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев және кәмелет жасына толмаған тағы бір айыпталушы жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer