24 тамыз 2022 13:17

Әзербайжан билігі Тоқаевты президент резиденциясында қарсы алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке кездесуі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке кездесуі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі Әзербайжан Президентінің "Загульба" резиденциясында өтті. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі ел басшылары әскерилер сапын аралап өтті.

Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалды. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды.

"Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшыларының жеке кездесуі басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети