10 наурыз 2022 12:24

"Азық-түлік көліктен гөрі маңызды". Кәдәге жарату алымы қаржысын аграрларға беру ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенатор аграрлық секторды дамытуға "Жасыл даму" АҚ шоттарынан 200 миллиард теңге бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор аграрлық секторды дамытуға "Жасыл даму" АҚ шоттарынан 200 миллиард теңге бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Әли Бектаев депутаттық сауалында келер жыл "ел аграрлары үшін ауыр болатынын" атап өтті. Оның айтуынша, құрғақшылық әрі минералды тыңайтқыштар, пестицидтер бағасының өсуі бұл салаға кері әсер етеді.

Сонымен қатар, Бектаев Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресейден Қазақстанға азық-түлік жеткізу көлемі артуы мүмкін екенін айтты. Осыған орай бейінді мемлекеттік органдар жұмысында проблема туындап отыр.

"Отынмен, минералды тыңайтқыштармен және сумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің ешқайсысы шешілген жоқ. Алайда субсидиялардың мөлшері мен түрлері, оларды бөлу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Аграрлық сектор - тәжірибе жүргізу алаңы емес. Керісінше, ауыл шаруашылығына биыл қосымша қолдау көрсету қажет. "Жасыл даму" АҚ шоттарынан 200 миллиард теңгені аграрлық секторды дамытуға бағыттаған дұрыс шығар. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету көліктен гөрі маңызды", - деді ол.

Сенатор минералды тыңайтқыштар бағасының күрт өскенін атап өтті. Ол 2021 жылғы қаңтарда "ҚазАзот" АҚ өндірген аммиак селитрасының тоннасы 81 мың теңге болғанын, желтоқсанда оның құны 200 мың теңгеге дейін, яғни 2,5 есе артқанын айтты. "Қазфосфат" АҚ өндірісінің аммофос бағасы осы кезеңде екі есе артып, 207 мың теңге болды.

Депутат елдегі минералды тыңайтқыштар бағасы мен экспортын реттеу бойынша қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети