Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Бахрейнде секс-құлдықта болған бойжеткен елге оралады

22 Қыркүйек 2016, 18:53
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Қарағандылық бойжеткен Бахрейнде секс-құлдықтан босатылды, ол қазіргі уақытта полицияға жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қыздың Tengrinews.kz редакциясына хабарласқаннан кейін, қызды босату жұмыстары бір күн бойы жүргізілген. "Қазақстандық дипломаттардың көмегімен қыз бала  секс-құлдықтан босатылды. Ол өзін жақсы сезінеді, денсаулығына қауіп қатер жоқ. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде, - дейді Жайнақов. - Онда оқиғаның мән жайы толығымен анықталып болған соң, қызды елге қайтару мәселесі шешіледі". 

Жайнақов қызды секс-құлдықтан босату кезінде жеңгетайлық қызмет көрсетушілер қарсылық көрсетпегенін айтты. Бахрейн полициясы осы іспен айналысып жатыр.

Айта кетейік, Қарағандылық 18 жастағы қыз Бахрейнде секс-құлдыққа тап болғанын мәлімдеді. Ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. 

Бойжеткен тілшімізге телефон арқылы құрбысының массаж жасаушы қызметін тауып беруге уәде бергенін, бірақ Бахрейнге ұшып келген соң жағдайдың басқаша болғанын айтқан. Қазақстандықтан паспортын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Танысқанымызға 1,5 жыл болған құрбым Бахрейнге шақырды. Маған билет сатып алып беріп, тіпті пәтер жалдады. Массаж туралы ғана сөз болған, жезөкшелік жайында ештеңе айтпады. Таяуда ғана 18-ге толдым (...) Мен екі ай бұрын Бахрейнге келдім, бір аптадай болатын шығармын деп ойладым, - дейді ол. - Екінші күні жезөкше болып жұмыс істейсің деп, билет пен қонақүйдің құнын өндіріп беруімді талап етті. Клиенттерімнен көмектесуін сұрап, жыладым. Солардың бірі маған 200 динар берді, қалған ақшаны қайдан алатынымды білмеймін. Анам Қарағандыда, жылап жатыр, бұл жақтан кетуіме көмектесіңіздерші", - дейді қыз. Алайда ол аты-жөнін атағысы келмеді. "Бір апта ішінде төрт қонақүй ауыстырдық, бұл жақтан да алып кетуі мүмкін (...)", - дейді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай