Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таяуда Германияда ұсталған Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда Германияда ұсталған Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Антикоррупциялық қызмет "Bank RBK" АҚ-дан алдау және сенімге кіру арқылы аса ірі көлемде қаражат жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлаймыз. Іс бойынша Ж.Ертаев (Банк басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі) және Б.Ибрагим күдікті деп танылған. Алдын ала тергеу барысында олардың қылмысын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тарауы (Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша бағамдауға мүмкіндік беретін жеткілікті дәлел табылды. Ертаев пен Ибрагим тергеу органдарынан шетелде жасырынғандықтан, оларға соттың шешімімен халықаралық іздеу жарияланып, "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған", - делінген ведомствоның редакция сауалхатына берген жауабында.

Сондай-ақ, Бақыт Ибрагимнің биылғы 23 сәуірде Германия Федеративтік Республикасының Франкфурт қаласында ұсталды, ал Ертаев биылғы 8 мамырда Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталғаны айтылады. 

"Бас прокуратура Ресей мен Германияның құзырлы органдарына оларды Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы сұраныс жолдады. Тергеліп жатқан қылмыстық істің өзге мәліметтері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - дейді Антикоррупциялық қызметөкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer