28 маусым 2019 17:59

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. 


Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада. 

Ал Бауыржан Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. 

Бүгін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды. Президент Әкімшілігінің басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды.  

Бұрын Сағынтаев мемлекеттік хатшы және премьер-министр қызметін атқарған еді.

Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болып қызмет істеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети