02 маусым 2022 19:08

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау қашан басталады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: kn.ks.ua Көрнекі сурет: kn.ks.ua

2022 жылғы 20 маусым мен 19 шілде аралығында "Отбасы банк" сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылғы 20 маусым мен 19 шілде аралығында "Отбасы банк" сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 20 жыл мерзімге 2 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна 10 пайыз болады.

Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрған мына азаматтар қатыса алады:

  • көпбалалы отбасы;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).

"Бақытты отбасы" бағдарламасының көмегімен жергілікті әкімдіктер бойынша салынған немесе кандидаттың таңдауы бойынша кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін болады", - делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлік несие алушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірден сатып алынуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети