Балаларын мектепке алты жастан кейін берген ата-аналарға айыппұл салынбайды

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші сыныпқа келетін бала мектепке келген кезде оқып, жаза білуі керек деген заң жоқ. Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріп танып, сандарды санап, оқуды үйренуге келеді.

Бес жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде бұл нормадан асып кетуге болады деп айта алмаймын. Сондықтан мектепке алты жастан барады. Бірақ ол ата-ананың өз шешімі. Алты жастан бастап келмеген балалардың ата-анасына айыппұл тағайындамаймыз", - деп хабарлады министр үкіметтің баспасөз конференциясында.

Оқушылардың сабаққа қатыспағаны үшін ата-аналарға салынатын айыппұл туралы Білім және ғылым министрлігі түсіндірді

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте: кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасы тәрбие жұмыстарын жүргізбеген жағдайда жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 17 600 теңге айыппұл салынады. Жыл бойында аталған құқық бұзушылық екінші рет қайталанатын болса 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, 20 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, мектепке алты жастан бастап кіретін балалардың 12 жыл оқитыны туралы нақты түсінік жоқ. Осыған орай "Нұр-Сұлтан" білім басқармасы келесіні түсіндірді.

"Жоспарға сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасына кезең-кезеңімен көшу 2020 жылы жүзеге асырылады (0+4, яғни нөлдік сыныптар да бастауыш білім деңгейіне көшеді). 2020 жылы 12 жылдық білім беру бағдарламасына толығымен көшеміз. Қазіргі таңда "Білім туралы" заңда нөлінші сыныптар бастауыш сыныпқа кірмейді. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі "Білім туралы" заңға түзетулер енгізеді", - деп мәлімдеді білім басқармасы. 

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer