i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Алексей Бабаянц ұят, ішкі еркіндік пен баланың ар-намысы туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Алексей Бабаянц ұят, ішкі еркіндік пен баланың ар-намысы туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 28 мамыр сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында психолог "Баланың ішкі еркіндігі" туралы әңгіме өрбітеді.
Алексей Бабаянц - гештальт-терапевт, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы бойынша кеңесші, "Құндылықты-бағдарлы психология институтының" директоры (Ресей, Краснодар қаласы).
Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, "Мама в теме" жобасының авторы, бақытты бала тәрбиелеу бойынша нұсқаушы Асхат Абжанов.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!