Бәлиева ОҚО-дағы баланың Астанаға неліктен туыстарымен бірге барғанын түсіндірді

16 Наурыз 2018, 16:37
0
Бәлиева ОҚО-дағы баланың Астанаға неліктен туыстарымен бірге барғанын түсіндірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева ОҚО-да зорланды деген жеті жасар баланың әжесі мен апайы баланы қорғау үшін Астанаға өз еркімен барғандарын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің міндетім - баланың құқығын қорғап, оны қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Мен оны өзім алып кете салған жоқпын. Заңды өкілі - әжесі, апайымен кездестім. Оларға "Қазір Астанаға барып, сараптама жасауға қалай қарайсыздар? Сіздерге барлық жағдайды жасап беремін. Менімен бірге барғыларыңыз келсе, жүріңіздер. Билетті сатып алып беремін. Сіздерді ешкім мазалаймайды. Қауіпсіз жерде боласыздар" дедім. Өз міндетімді атқардым", - деп түсіндірді Бәлиева.

Мұның алдында Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген жеті жасар баланың анасы онымен байланысқа шыққанын айтып, баланың бүгін анасымен кездесетінін айтқан болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. 

Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай