ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2019 | 16:44
Балқаш әкімі "еріген" жолдар үшін тұрғындардан кешірім сұрады
Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин өткен жылы жөндеуден өткен орталық көшенің асфальті "еріп" кеткені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин өткен жылы жөндеуден өткен орталық көшенің асфальті "еріп" кеткені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде қала тұрғындары Балқаш қаласының орталық көшесін сынға алып, қармен бірге "асфальт" еріп кеткенін жазған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Асфальт растаял со снегом на центральной улице в Балхаше - Центральная дорога покрылась ямами и колдобинами. "Эту дорогу отремонтировали в прошлом году. Был капитальный ремонт дороги протяженностью 3,2 километра", - рассказали автовладельцы. - "Вот так у нас работают подрядные фирмы. Мы из открытых официальных источников знаем, что эта же фирма в этом году выиграла очередной тендер на ремонт еще нескольких дорог. Мы с ужасом ждем, что натворят рабочие этой дорожной фирмы с другими дорогами. Почему акимат позволяет компаниям творить такое безобразие?" - возмущены автовладельцы. @patriotkaragandy
Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy) 14 Мар 2019 в 2:24 PDT
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық Ленин көшесін жөндеуге 574 миллион 560 мың теңге бөлінген. Жоба бойынша көшеде жарық орнатылып, тротуарлар мен автомобиль жолдары салынып, жол белгілері және арнайы сызықтар түсуі керек болған.
"Ашық байқаудың қорытындысы бойынша мердігер ұйым болып "Асмир строй сервис" ЖШС анықталды. Жұмыстар 2018 жылдың 1 сәуірінде басталды. Бүгінде 485 миллион 351 мың теңгеге орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қойылды. Жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі нақты орындалды. 2018 жылдың 30 қазанында Ленин көшесі бойынша орындалған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында зертханалық сынамалар алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сынақ нәтижесі бойынша тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың сапасына қанағаттанбай, Қарағанды облысының ауданаралық экономикалық сотына мердігерлік ұйымды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу туралы талап арызбен жүгінді.
"Балқаш қаласы әкімдігінің атынан қала тұрғындарына қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта біздің өтініш қарастырылып жатыр. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Балқаш қаласы әкімдігінің өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также