Бас мүфти Рамазан айына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Muftyat.kz © Muftyat.kz

27 мамырда барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқын құттықтап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

27 мамырда барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқын құттықтап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Баршамызды қасиетті рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен мүбәрак рамазан айының келуімен құттықтаймын!", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы.

Бас мүфти Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су апатына байланысты кәсіпкерлерді ҚМДБ-ның қайырымдылық акциясына қолдау көрсетуге шақырды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да жанашыр жамағаттың демеушілігімен "Қайырымдылық керуені" акциясы аясында киім-кешек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жеткізді. Кәсіпкер азаматтарды осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстарға белсене атсалысуға шақырамын", - деді Ержан Малғажыұлы.

Сонымен қатар, Бас мүфти кәсіпкерлерді басқа да көмек жасауға шақырды. 

"Қадірлі бауырлар! Асыл дініміз Исламда "садақа жа­рия" деген қасиетті ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді, атап айтқанда, мешіт-медресе, аурухана, балабақша, спорт кешендерін тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауыл­дарға су тартып, құдық қаздырту, тағы басқа игі амалдарды "са­дақа жария" деп атаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстарда "Қайырымдылық мекемесін" ашып, жергілікті жас буынға діни һәм зайырлы білім беріп, имандылыққа тәрбиелеумен қатар тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде. Меценаттар мен кәсіпкер азаматтарды жалпы жұртшылыққа қажетті нысандарды тұрғызу жұмысына белсене араласып, жанашырлық танытуға шақырамын. Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бай-дәулетті азаматтарды жағдайы төмен тұрғындарға көмек көрсетуге үндеді. Мемлекет басшысының бұл бастамасына үн қосу баршамыздың азаматтық борышымызға айналуы қажет деп есептеймін", - дейді ол. 

Ержан Малғажұлы мұндай істердің сауабы жайында мысал келтіре кетті.

"Рамазан - қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс - үлкен сауап. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: "Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?" - деп сұрағанда, ол: "Ең жақсы адам - қоғамға, елге пайдасы тиген пенде", - деп жауап берген екен", - деп келтірді Бас мүфти. 

Сонымен бірге, Бас мүфти қоғамымызда көрініс алып жатқан кісі ақысын жеу, баланы аяусыз ұру, педофилизм, нәрестені далаға тастау, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасу, кейбір азаматтар арасындағы қатыгездік жағдайлар, арақ-шарапқа тәуелділік, отбасындағы келіспеушілік, террорлық оқиғалардан аулақ болуға шақырды. 

Сөз соңында Ержан Малғажыұлы Рамазан айының артықшылықтарын айтып, бата берді. 

"Рамазан - мол сауап жинайтын қасиетті ай. Адам баласы ізгі амалы арқылы Жаратушының рақымына, нығметіне кенеледі. Зекет беру - жағдайы келген (шариғат бойынша нисап мөлшеріне жеткен) мұсылманға парыз. Ал зекет берекелі рамазан айында берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады. Осынау жақсы амалдар рамазаннан кейінгі айларда да жалғасын тапса нұр үстіне нұр. Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, әрбір игі бастамаларымыз баянды болғай! Әумин!". - деп аяқтады ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer