28 наурыз 2016 16:58

Бас прокуратура Bek Air ұшағының шассисіз қонуы дерегі бойынша істі бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов

Бас прокуратура Bek Air ұшағының шассисіз қонуы дерегі бойынша істі бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура Bek Air ұшағының шассисіз қонуы дерегі бойынша істі бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Қылмыстық істі Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының арнайы прокуроры тергеп жатыр. Бұл қылмыстық істі Бас прокуратура өз бақылауына алды", - деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов. 

Оның айтуынша, ұшақ 10.36-да апат жағдайында шассисіз қонған. Әуе кемесінің бортында 116 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Тоқтамысов осы авиациялық оқиғаға қатысты прокуратура органдарына және өзге органдарға шағымның түспегенін айтты. "Осы оқиғаға байланысты Астана әуежайының тоқтауынан Астана әуежайынан алты рейс кешіктірілді, бес рейс қосалқы аэродромға қонды және Алматыдағы аэродромға бір рейс қайтарылды", - деп мәлімдеді ресми өкіл. 

Тоқтамысовтың айтуынша, әуежайдың психологиялық қызметі мен Астананың медициналық мекемелерінің өкілдері жолаушыларға психологиялық көмек көрсетілді және Астана әуежайы жолаушыларға ыстық тағам берді. 

Ол Инвестиция және даму министрлігінің арнайы комиссиясының өкілдерінің бұл істі тергеуге жұмысты бастап кеткенін еске салды. 

Қазақстанның Бас прокуратурасы Bek Air ұшағының Астанада апат жағдайында қонуы дерегін тергеуді бастады. Бұл дерек Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 1-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағы Астана әуежайында апатты жағдайда қонған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, командир мен екінші пилот үкіметтік сыйлыққа ұсынылады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети