Бас прокуратура қазақстандықтарды арандап қалмауға шақырды

08 Мамыр, 12:23
1
Бас прокуратура қазақстандықтарды арандап қалмауға шақырды -

Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға биыл 9 мамырда заңсыз митингіге қатысуға үгіттейтін жазбалар таралып жатқандығын, бірақ оған қатысып, арандатудан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Алайда биыл 1 мамырда кейбір азаматтар өкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз", - делінген үндеуде.

Оның айтуынша, құқықбұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жазаланады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа ермеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады.

Айта кетейік, Бас прокуратура осыған дейін ел азаматтарына үндеу жасаған болатын. 29 сәуірде ведомствода рұқсат етілмеген акцияларға шақырулар, ұйымдастыру, қатысу үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатыны ескертілген. 

Осыған дейін ардагерлер ұйымдары 9 Мамыр мерекесін саяси инсинуациялар мен митингілер үшін пайдалануға жол бермейтінін мәлімдеді. Ал ІІМ-де "Мәңгілік даңқ - Мәңгілік полк" шерулері кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. 6-12 мамыр аралығында Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай