10 маусым 2014 21:08

Бас прокурор автокөліктерге міндетті түрде бейнетіркегіш орнатуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов © Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Еліміздің Бас прокуроры автокөліктердің барлығына да міндетті түрде бейнетіркегіш орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің Бас прокуроры автокөліктердің барлығына да міндетті түрде бейнетіркегіш орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Асхат Дауылбаев Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жол қозғалысы қауіпсіздіктері мәселелері талқыға салынған жиналысында мәлімдеді.

"Менің Көлік министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне айтар ұсынысым бар. Меніңше, техникалық регламентке міндетті түрде автокөлікке бейнетіркегіш орнату және оны тиянақтау жөніндегі талапты енгізуге болар еді. Сонда бұл, біріншіден, барлық жол-көлік оқиғасын тіркеп отыруға мүмкіндік берер еді", - деп қолқа салды Асхат Дауылбаев кеңес мүшелеріне, тәжірибелі жүргізушілердің мұны алдына да, артына да салып алғандарына көңіл аударып.

"Егер өзінікі дұрыс болса, ол өзін соттың немесе жәбірленуші тараптың дерексіз күмән келтірулерінен сақтандырады, ондайлар бола қалса. Бүгін әлемде бар инновациялық технологияларды енгізу қажет", - деді бас прокурор.

Бас прокуратураның деректері бойынша, Қазақстан жолдарындағы жол апатына әкеліп соғатын басты себептер лайықсыз деңгейдегі сақтандыру жұмыстары, жаза қолданылмай қалмайтындығының қамтамасыз етілмеуі, жолдардың сапасыз болуы, жүргізушілердің орнатылған жылдамдық көрсеткіштерінен асып түсуі, техника қауіпсіздіктері талаптарын бұзу болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети