15 желтоқсан 2022 16:28

Бас прокурор азаптау және тергеудің заңсыз әдістері туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған бас прокурор Берік Асылов та қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған бас прокурор Берік Асылов та қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйлестіру кеңесінде азаптауға және тергеу мен анықтаудың басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы тұрудың тиімділігі талқыланды. Бас прокурор Президенттің азаптауды жою бойынша нақты міндет қойғанына назар аударды. Бұл үшін олардың алдын алу бойынша қажет құқықтық шаралар қабылданған. Қылмыстық заңнамада азаптаулар туралы жеке бап көзделген және жаза күшейтілген.

"Жаңа жылдан бастап азаптау істерін тек прокурорлар тексереді. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың арыз беруі үшін терминалдар орнату жалғасып жатыр. Колонияларда, тергеу изоляторларында және қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылау енгізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Осы және басқа да шараларды халықаралық сарапшылар, оның ішінде БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің өкілдері оң бағалаған. Азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрық жобасы әзірленген, оның негізгі міндеті азаматты ұстау және қылмыстық қудалау органдарына жеткізу сәтінен бастап рұқсат етілмеген әдістердің алдын алу саналады.

Сондай-ақ, процестік мәртебесі жоқ адаммен келіссөздер, әңгімелер, сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады.

Берік Асылов азаптаулардың жүйелі проблемаларына, себептері мен шарттарына, сондай-ақ, оларды барлық құқық қорғау және мемлекеттік органмен өзара іс-қимылда жою қажеттігіне назар аударды.

Ал ІІМ-ге өз еркімен ұстауға негіз болатын ішкі нормативтік актілерге ревизия жүргізу және оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру тапсырылды.

Сонымен қатар, "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 80-бабын мүлтіксіз орындау қажеттігі атап өтілді. Оған сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзған басшылар қызметінен босатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети