03 қаңтар 2021 14:15

Бас санитар дәрігердің Қазақстандағы сайлау күні туралы қаулысы қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Мәжіліс пен мәслихатқа депутаттарды сайлау күні туралы қаулысы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.


Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Мәжіліс пен мәслихатқа депутаттарды сайлау күні туралы қаулысы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қаулыда сайлау процесінің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар талап көзделеді.

- кіреберісте термометрлер арқылы температураны өлшеу;

- сайлаушылар үшін қозғалыс бағыты бойынша қашық белгілері мен көрсеткіштердің болуы;

- сайлау комиссиясы жұмысының барлық кезеңі ішінде әрбір 3 сағат сайын ауысыммен барлық комиссия мүшесінің маска режимін сақтауы;

- қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлердің болуы;

- жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықта орналастыру;

– кемінде 1,5-2 метр қашықтықта әлеуметтік қашықты сақтау;

- жоғары дене температурасы (37 градустан жоғары) анықталған жағдайда адамдарды оқшаулау үшін жеке үй-жайдың болуы).

Сайлаушыларға қойылатын талаптар:

сайлау учаскесіне барған кезде бірреттік медициналық немесе қорғаныс маскасын және антисептикті қолданыңыз; үйде емделуіне байланысты оқшаулау режимі тағайындалған немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантиндегі дауыс беруге қатысушылар сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш берген кезде сайлау комиссиясының мүшесіне бұл туралы хабарлауы керек.

"Сайлау учаскелерінде тұрақты болатын адамдарға қойылатын талаптар - сайлау комиссиясының мүшелері, жоғары және орташа тәуекел аймақтарындағы байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар. Бүгінгі таңда қызыл аймақта бір өңір - Атырау облысы, сары аймақта – 6 өңір (Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары) бар, олар ағымдағы жылдың 5-9 қаңтар аралығында тексеріліп, ПТР-тестінің теріс нәтижесі болуы тиіс", - деп Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети