29 сәуір 2021 13:45

"Басып кете жаздады". Теміртау тұрғындары ауруханадағы кезек видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Теміртау тұрғындары емхана алдында адамдардың кезекке тұрған сәтін видеоға түсіріп алған. Көп адам жиналған кезекте егде жастағы әйел құлап, оны басқалары басып кете жаздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртау тұрғындары емхана алдында адамдардың кезекке тұрған сәтін видеоға түсіріп алған. Көп адам жиналған кезекте егде жастағы әйел құлап, оны басқалары басып кете жаздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау тұрғындары № 1 емхана алдында үлкен кезек пайда болғанын айтты. Адамдар медициналық мекеме алдына ашылуынан жарты сағат бұрын келіп, ұзын-сонар кезекке тұрған. Ғимарат алдында бірін-бірі итеріп жатқан адамдар видеоға түсірілген. Видео авторлары кезекте тұрғандар зейнеткерді қағып кетіп, ол құлап қалғанын жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мамочки Темиртау (@mamochki_temirtau)

"Бүгін таңертең № 1 емхана алдына адамдар ерте келіп, үлкен кезекке тұрды. Емхана қызметкерлері оларды ішке кіргізудің орнына көшеде талондар таратты. Дүрбелең кезінде зейнеткер құлап, оны басқалары басып кете жаздады", - деді оқиға куәгерлерінің бірі.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бейнероликке түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, медициналық мекеме алдындағы дүрбелең адамдардың уақытынан бұрын келгеніне байланысты. Басқармада адамарға емханаға алдын ала жазылу бойынша ғана баруға және белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келуге кеңес берді.

"№1 емхананың жұмыс кестесі жұмыс күндері - 8.00-ден 20.00-ге дейін. Есіктер 7.45-те ашылады. Үш кіру есігі: орталық кіреберіс, қызмет көрсету және сүзгі есігі бар. Медицина қызметкерлері ертерек келіп, кабинеттерді қабылдауға дайындайды. Өкінішке қарай, адамдар бір уақытта және ашылу алдында, бүгінгідей жиналады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері вакцинация үшін адамдарға алдын-ала жазылу қажет екенін айтты. Оны сall-орталық немесе Egov арқылы жасауға болады.

"Вакцинация тіркелу бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда флюорографиядан өтуге күннің екінші жартысында келуге болады. Тәжірибе көрсеткендей, науқастар айтарлықтай аз", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети