07 қазан 2016 13:19

Бауыржан Байбек алматылықтарды полицейлердің отбасын асырамауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© static-kl.kcdn.k © static-kl.kcdn.k

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын пара беру арқылы полицейлердің отбасын асырамауға, оның орнына айыппұлдарды тікелей бюджетке төлеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы ТМД-ға мүше елдердің салық қызметтері басшыларының координациялық кеңесінің отырысында көлеңкелі экономикамен күреске арналған шараларды айтып жатып мәлімдеді. 

Әкімнің айтуынша, жалғыз мемлекеттік органдардың күшімен жемқорлық мәселесін жоюдың мүмкін емес. "Парақорлықтың кейбір деректері болады, яғни мұндай жағдайларда адамдар пара беруге өздері дайын болады. Біз оларға: "Полицейдің қолына бердің бе - оның отбасын асырадың. Егер чек арқылы төлесең - қала бюджетіне қаражат салғаның. Ал қала бюджеті жол жөндеуге, мектепке, ауруханаға, балабақшаға және басқа да әлеуметтік мәселелерге жұмсалады" дейміз. Осы тенденцияны жойып, жемқорлықты азайту үшін халықтың санасын өзгерту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді әкім. 

Байбек Алматының Қазақстан экономикасының 22,7 пайызын беріп отырғанын атап өтті. Мұнда ұлттық банк кеңселерінің 90 пайызы орналасқан және кредит портфелінің 60 пайызы бар. "Мұнда БҰҰ-ның 17 кеңсесі бар. Біз БҰҰ-ның хабы жұмысын осында ұйымдастыруына жағдай жасап жатырмыз. Жалпы алғанда халықаралық ұйымдардың 60 кеңсесі бар, трансұлттық компаниялар осында жұмыс істеп жатыр", - деді әкім. Ол Қазақстан экономикасы тәуелсіздіктің 25 жылдығында 20 есе өссе, Алматының жалпы ішкі өнімі 100 есе өскенін айтып өтті. 

"Халықтың жан басына шаққандағы табысы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 28 мың доллар. Өмір сүру ұзақтығы 75,3. Бұл Польшаның деңгейі. Халықтың табыс деңгейі ел бойынша көрсеткіштен 2,2 есеге көп. Қазақстанның стартаперлерінің 88 пайызы Алматыда. Себебі бұл қала таудың етегінде орналасқан. Бұл - жасыл қала. Мұнда 2 мыңнан аса мейрамхана мен кафе бар (...)", - деді Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети