22 қараша 2016 10:42

Бауыржан Байбек қар тазалауға көмектескен алматылықтарға алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек. © Шоқан Алхабаев Бауыржан Байбек. © Шоқан Алхабаев

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада туындаған мәселелер бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада туындаған мәселелер бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бауыржан Байбек жылытуаралық маусымда жасалған жөндеу жұмыстары жайлы баяндады. Оның айтуынша, Алматыдағы қолайсыз ауа райына байланысты қар тазалау жұмыстары күшейтілген. 16-20 қараша аралығында жауған қарды тазалауға қалалық коммуналдық қызметтегілер, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Энергетика басқармасындағылар мен әкімдіктегілер жұмылған.  

"Соңғы төрт тәулікте 95 000 текше метр қар тазартылды. Алдағы аптада тағы 250 000 текше метр қар тазалауды жоспарлап отырмыз. Қар тазалау жұмыстары күндізгі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімі. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек қаладағы қолайсыз ауа райына байланысты жүргізілетін жұмыстарға жергілікті бюджеттен қосымша тағы 400 миллион теңгенің бөлінетінін және жұмысшылардың жалақысының 20 пайызға өсірілгенін айтты.

Өз есебінің соңында қала әкімі қазіргі жағдайдың тұрақталғанын айта отырып, алматылықтарға және еріктілерге алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы қолайсыз ауа райына байланысты қалада төтенше жағдайлардың болып жатқаны хабарланған болатын. "19-20 қараша аралығында 71 адам көмекке мұқтаж болды, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары қажетті тексерулерден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Көбінесе олар мұзтайғақта құлағандар", - деген еді басқарманың бас хирургі Нұржан Исабеков тексеруге келіп жатқандардың жас аралығы 16-дан жоғары екенін айтып. Сондай-ақ, шамамен 50 троллейбустың жолда тұрып қалғаны айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети